20 Қазан, 2016

БІРЛЕСКЕН БҰЙРЫҚ №275, №378

276 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін
Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Энергетика министрлігі 2016 жылғы 22 маусым №275 Астана қаласы 2016 жылғы 5 тамыз №378 Астана қаласы Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының, Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің және Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрінің кейбір бірлескен бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы бұйырамыз: 1. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының, Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің және Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрінің кейбір бірлескен бұйрықтарына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) «Газды немесе газ конденсатын сақтау, магистральдық және (немесе) тарату құбыр жолдары арқылы тасымалдау, газ тарату қондырғыларын және олармен байланысты газ таратушы газ құбырларын пайдалану салаларындағы реттелiп көрсетiлетiн қызметтермен (тауарлармен, жұмыстармен) технологиялық байланысты қызмет түрлерiнiң тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2006 жылғы 18 сәуірдегі № 112-НҚ және Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2006 жылғы 10 мамырдағы № 148 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4244 болып тіркелген, 2006 жылғы 16 маусымдағы № 109-110 (916) «Заң газеті» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеу және Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге экспорттау мақсатында тауарлық газды сақтауды, тасымалдауды қоспағанда, тауарлық газды сақтау, жалғастырушы, магистральдық газ құбырлары және (немесе) газ тарату жүйелері арқылы тасымалдау, топтық резервуарлық қондырғыларды пайдалану, сондай-ақ шикі газды жалғастырушы газ құбырлары арқылы тасымалдау салаларындағы реттелiп көрсетiлетiн қызметтермен (тауарлармен, жұмыстармен) технологиялық байланысты қызмет түрлерiнiң тiзбесiн бекiту туралы»; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеу және Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге экспорттау мақсатында тауарлық газды сақтауды, тасымалдауды қоспағанда, тауарлық газды сақтау, жалғастырушы, магистральдық газ құбырлары және (немесе) газ тарату жүйелері арқылы тасымалдау, топтық резервуарлық қондырғыларды пайдалану, сондай-ақ шикі газды жалғастырушы газ құбырлары арқылы тасымалдау салаларындағы реттелiп көрсетiлетiн қызметтермен (тауарлармен, жұмыстармен) технологиялық байланысты қызмет түрлерiнiң тiзбесi бекiтiлсiн.»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тізбенің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеу және Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге экспорттау мақсатында тауарлық газды сақтауды, тасымалдауды қоспағанда, тауарлық газды сақтау, жалғастырушы, магистральдық газ құбырлары және (немесе) газ тарату жүйелері арқылы тасымалдау, топтық резервуарлық қондырғыларды пайдалану, сондай-ақ шикі газды жалғастырушы газ құбырлары арқылы тасымалдау салаларындағы реттелiп көрсетiлетiн қызметтермен (тауарлармен, жұмыстармен) технологиялық байланысты қызмет түрлерiнiң тiзбесi»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тізбенің мынадай мазмұндағы 22, 23, 24-тармақтарымен толықтырылсын: «22. Топтық резевуарлық қондырғылар арқылы тұтынушыларға сұйытылған мұнай газын сату. 23. Тұтынушыларға баллондардағы сұйытылған мұнай газын сату. 24. Тұтынушылардың газ пайдаланушы жүйелерін және газ құрылғысын пайдалану және техникалық қызмет көрсету.». 2) «Мұнайды және (немесе) мұнай өнімдерін магистральдық құбыр жолдары арқылы тасымалдау саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтермен (тауарлармен, жұмыстармен) технологиялық байланысты қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2013 жылғы 30 желтоқсандағы № 404-НҚ және Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрінің 2013 жылғы 30 желтоқсандағы № 244 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9054 болып тіркелген, 2014 жылғы 6 тамыздағы № 151 (28375) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеу және Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге экспорттау мақсатында мұнайды және (немесе) мұнай өнімдерін тасымалдауды қоспағанда, оларды магистральдық құбырлар арқылы тасымалдау саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтермен (тауарлармен, жұмыстармен) технологиялық байланысты қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы»; кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын: «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 18-1-бабы 1-1-тармағына сәйкес бұйырамыз:»; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеу және Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге экспорттау мақсатында мұнайды және (немесе) мұнай өнімдерін тасымалдауды қоспағанда, оларды магистральдық құбырлар арқылы тасымалдау саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтермен (тауарлармен, жұмыстармен) технологиялық байланысты қызмет түрлерінің тiзбесi бекiтiлсiн.»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тізбенің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеу және Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге экспорттау мақсатында мұнайды және (немесе) мұнай өнімдерін тасымалдауды қоспағанда, оларды магистральдық құбырлар арқылы тасымалдау саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтермен (тауарлармен, жұмыстармен) технологиялық байланысты қызмет түрлерінің тізбесі». 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді; 3) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын; 4) осы бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Энергетика министрі _____________ Қ. БИШІМБАЕВ _______________Қ. БОЗЫМБАЕВ Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 6 қыркүйекте Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №14207 болып енгізілді.